Қазақстандық теннисші «Australian Open» сайысында әлемнің экс-бірінші ракеткасынан басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мельбурнда биылғы маусымдағы алғашқы «Australian Open» - «Үлкен дулыға» турнирі басталды. Негізгі сеттің алғашқы матчында қазақстандық Юлия Путинцева әлемнің экс-алғашқы ракеткасы дат Каролин Возняцкиді айқын басымдықпен жеңді.

ҚР теннис федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, матч 3 сағат 15 минутқа созылған. Осы кезеңде қазақстандық қарсыласының добын 4 рет қағып алып, 3 рет берген добымен қапы қалдырды. Матч қорытындысы - 1:6, 7:6 (3), 6:4.

Екінші айналымда Юлия Путинцева қытайлық Сииньюнь Ханьмен сайысқа түседі.