деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жүлде қоры 220 мың АҚШ долларын құрайтын бұл жарыста жекелей сында ұлттық рейтингте алғашқы сатыда тұрған Ярослава Шведова бірінші айналымда словак Ленке Юрикованы 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірген болатын. 8/1 финалда израильдік Шахар Пеэрді ( 6:2, 6:1) ұтты. Ширек финалда ол енді австриялық Ивонн Мюсбургермен кездеседі. Ивонн Мюсбургер бұған дейін германиялық Татьяна Малектен 6:2, 2:6, 6:4 есебімен басым түскен еді.
Бұл дүбірлі додада қазақстандық теннисші жұптасып өнер көрсетуде алғашқы айналымда сүрінді. Түркиялық Ипек Сеноглумен жұп құраған Ярослава Шведова германиялық Татьяна Малек пен Андреа Петковичке (6:4, 5:7, 6:10) есе жіберді.