деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алғашқы айналымда словак Ленке Юрикованы (6:1, 6:0), одан кейін израильдік Шахар Пеэрді ( 6:2, 6:1) ұтқан Я. Шведова ширек финалда кеше жарыс қожайыны Ивонн Мюсбургермен кездесті. Қарсыласынан 6:2, 6:3 есебімен басым түскен ол жартылай сында енді германиялық Андреа Петковичпен сайысқа түседі. Жүлде қоры 220 мың АҚШ долларын құрайтын бұл жарыста ол түркиялық Ипек Сеноглумен жұптасып өнер көрсету кезінде алғашқы айналымда германиялық Татьяна Малек пен Андреа Петковичке 6:4, 5:7, 6:10 есебімен ұтылған еді. Енді А. Петоковичпен жартылай финалда қарымта қайтаруға мүмкіндік туып тұр.