АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ракеткасы Тимофей Скатов Чилидің Консепсьон қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген Петропавл теннисінің түлегі екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 260-орында тұрған колумбиялық Николас Мехиямен күш сынасты.
Қазақстандық теннисші 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында ол 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.
Т.Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 102-інші, турнирдің 2-ракеткасы, чилилік Алехандро Табило немесе рейтингте 206-сатыдағы италиялық Лусиано Дардеридің біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның алғаш рет финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Е.Рыбакина 1 млн астам доллар табыс тапты.
Елена Рыбакина алғаш рет үздік ондыққа енеді.
Елена Рыбакинаның финалдағы қарсыласы анықталды.
Фото - Қазақстан теннис федерациясынан
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).