Қазақстанның Теннис федерациясынан мәлімдегендей, Ақтау қаласындағы теннис мектебінің 15 жасар тәрбиеленушісі ITF жасөспірімдер рейтингісінде 755-орында тұрған Д.Рахматуллаев Фуджейрада (БАӘ) өткен «6TH WEST ASIA FUJAIRAH CUP» (ITF Juniors 5-ші категориясы) халықаралық жарысының абсолютті жеңімпазы атанды.
Жеке разрядтағы ақтық сайыста Даниал жарыстың сегізінші ракеткасы, ресейлік Макар Елесинді 6:3, 6:4 ұпайымен ұтты. Ресей спортшысы Тимофей Дерепаскомен өткен жұптық дисциплинада Рахматуллаев титулды күрессіз жеңіп алған. Шешуші ойында олардың қарсыластары ойыншылардың бірінің жарақаттануы себебімен кортқа шыққан жоқ. Осылайша, Даниал ITF Junior серия жарыстарында жеке разряд бойынша бірінші титулына және жұптық разрядтағы екінші жеңісіне қол жеткізді.