Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде рекордты орнына қайта оралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Әлемнің бірінші ракеткасы атағы аустралиялық Эшли Бартиде қалды, екінші орында — Беларусь спортшысы Арина Соболенко, Чехия спортшысы Каролина Плишков үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстанның ең мықты өкілдері Елена Рыбакина жеке рекордын қайталап, 16-шы орынға оралды.

Юлия Путинцева төрт орынға көтеріліп, 43-ші болды. Зарина Дияс 108-ші орында.

Жұптық разрядтағы үздік үштік: чех теннисшілері Барбора Крейчикова мен Катерина Синякова, сондай-ақ бельгиялық Элизе Мертенс.

Анна Данилина 92-орыннан 94-орынға түсіп, Рыбакина 97-орыннан 95-орынға көтерілді, Зарина Дияс — 181-ші (-2) орында.