Қазақстандық теннисші Францияда негізгі жарысқа жолдама алды
Әлемнің 307-ракеткасы Д.Евсеев іріктеу сайысында алдымен франциялық Константин Биттунды 6:3, 7:6 (7:4) есебімен ұтты.
Іріктеу сайыстарының финалында Д.Евсеев тағы бір қазақстандық, рейтингте 312-орында тұрған Бейбіт Жұқаевпен шеберлік байқасты.
Аса тартысты өткен матчта Д.Евсеев 6:7 (4:7), 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Екі сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Бейбіт 12 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Денис 4 эйс, 2 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, отандасын жолдан тайдырған Д.Евсеев жүлде қоры 73 мың АҚШ долларына бағаланған жарысқа жолдама алды. Оның алғашқы айналымдағы қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде оныншы орнын сақтап қалғанын жазған болатынбыз.
Биыл әлем теннисшілері арасында ең көп табыс тапқан кім екендігі белгілі болды.
Фото: sports.kz