Қазақстандық теннисші Г.Воскобоева Sanya ITF әйелдер турнирінің ширек финалына шықты

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайтын Sanya ITF әйелдер турнирінің ширек финалына шықты,

деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Екінші айналымда украиналық Юля Бейгельзимермен жарыс алаңына шыққан қазақстандық спортшы үш сетте 6:3, 6:7, 6:3 есебімен басым түсті.

Енді ширек финалда Г.Воскобоева француздық Ирина Бремеонға қарсы ойнайды.