АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Австралияның Сидней қаласында өтіп жатқан WTA Apia International Sydney біліктілік турнирін сәтті бастады,
деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
Алғашқы айналымда голландиялық Аранто Руспен кордта кездескен қазақстандық теннисші екі сетте 6:2, 6:1 есебімен басым түсті. Келесі айналымда Г.Воскобоева американдық Коко Вандевегемен ойнайды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.