Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің үшінші айналымына шықты

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 2 миллион доллардан асатын Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің үшінші айналымына шықты.

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Екінші айналымда итальяндық Флавия Пеннеттамен қарсылас болған қазақстандық спортшы бірінші сетте 2:6 есебімен ұтылып қалған болатын. Дегенмен екінші сетте жинақылық танытқан Г.Воскобоева қарсыласын 6:3 есебімен тізе бүктірді. Соңғы сет те біздің спортшының айқын басымдылығымен аяқталды, есеп 6:2.

Естеріңізге сала кетейік, Алғашқы айналымда қазақстандық теннисші әлемнің үздік 10 теннисшісі қатарына кіретін француздық Марион Бартолиді 6:3, 6:3 есебімен жеңген болатын.