Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева жұбы австралиялық теннисшілерді жеңді

None
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Австралияның Брисбен қаласында қазақстандық теннисші Галина Воскобоева бірінші айналымда ресейлік спортшы Анастасия Павлюченкомен жұптасып, австралиялық дуэт Джессика Мур мен Салли Пирсті жеңді,

деп хабарлады Қазақстан Республикасының теннис федерациясынан.

Матч 6:2, 7:5 есебімен аяқталды.

Галина Воскобоева мен Анастасия Павлюченко келесі айналымда турнирдің үшінші аралас жұбы - өзбекстандық Ақгүл Аманмұрадова мен тайпейлік Янг-Жан Чанмен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Brisbane International турнирі қаңтардың 3-і мен 10-ы аралығында өтуде. Турнирдің жүлделік қоры 220 мың АҚШ долларын құрайды.