НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Тбилисиде (Грузия) ITF жарысында үздік шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелген Г. Ломакин мен Беларусь өкілі Иван Лютаревич барлық бәсекелерін жеңіспен аяқтады.
Ломакин мен Лютаревич финалда белоруссиялықтар Эрик Арутюнян - Даниил Остапенковпен кездесті.
Қазақстандық-белоруссиялық жұп үш сетке созылған тартысты матчта 3:6, 7:6 (7:4), 10:5 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Г. Ломакин өзінің спорттық жолында жұптық сында ITF додаларындағы 16-шы, биылғы екінші титулына қол жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің халықаралық жарыстардың чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің чемпионы атанды.
Ал, Елена Рыбакина әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қайта кірді.
Фото: ktf.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).