Қазақстандық теннисші “Internazionali Femminili di Palermo” турнирінде сәтті өнер көрсетуде

АЛМАТЫ. 12 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева Италияда өтіп жатқан "Internazionali Femminili di Palermo" халықаралық дәрежелік турнирінің жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда испандық Лара Аррубаррена-Векиноны 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Сесильдің ендігі қарсыласы хорватиялық Ани Мижакика (Ani MIJACIKA) болмақ. Ани ширек финалда италиялық Клаудиа Гиовиннен (Claudia GIOVINE) 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. Қазақстандық бұл сында басым түссе ақтық сында италияндық Карин Кнафф (Karin KNAPP) пен ресейлік Елена

Вовина жұбының жеңімпазымен кездеседі.