Қазақстандық теннисші "Internazionali Femminili di Palermo" турнирінің ақтық сынына шықты

АЛМАТЫ. 11 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық теннисші Италияда өтіп жатқан "Internazionali Femminili di Palermo" халықаралық дәрежелік турнирінің ақтық сынына шықты.

Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) 4-ші халықаралық турнирлер сериясының 4-ші дәрежелі бұл жарысының жүлде қоры 220 мың долларды құрайды. Сайыстың негізгі кестесінде жекелей сында 32, жұптық сында 16 жұп бақ сынаған болатын. Қазақстандық Сесиль Каратанчева алғашқы айналымда венгриялық Ванду Лукашты 6:3, 6:4 есебімен, ал екінші айналымда франциялық Софи Лефеврді 6:0, 6:3 есебімен қапы қалдырды. Оның келесі қарсыласы енді испандық Аррубаррена - Векино Лара (Arruabarrena-Vecino) болмақ.