НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сында Парма (Италия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Чехиялық Роман Жебавымен жұптасқан А.Недовесов ширек финалда осы жарыстың 1-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Флигенмен кездесуі керек еді.
Алайда бельгиялықтар матчқа келмей қалды да, А.Недовесов пен Р.Жебавы ойнамастан жартылай финалға өтті. Енді олар финалға шығу үшін италиялық Симоне Болелли – аргентиналық Максимо Гонсалес немесе аустралиялық Макс Пёрселл – Люк Сэвилл жұптарының қай жеңгенімен таласады.
Жұптық дода финалы 29 мамырға белгіленген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Португалиядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз. Ал Ю.Путинцева Страсбург турнирінің жартылай финалына өте алмады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).