Қазақстандық теннисші ITF Futures турнирінің финалына шықты
14:17, 21 Сәуір 2017
АСТАНА. ҚпазАқпарат - Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Өзбекстанның Бұқара қаласында өтіп жатқан ITF Futures турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отандасымыз жартылай финалда ресейлік Маркос Каловелонисті 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Енді, финалда Дмитрий Вадим Урсу (Ресей) - Егор Герасимов (Беларусь) жұбының жеңімпазымен кездеседі.