АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан «Челленджердің» ширек финалына жолдама алды, хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, жарыстың екінші айналымында отандасымыз кореялық Юн Сон Чаннан басым түсті. Есеп - 6:4, 6:2.
Енді келесі айналымда Недовесов үндістандық Рамкумар Раманатанмен күш сынасады.
Фото: zarubezhom.info
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.