АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Александр Недовесов ширек финалда үндістандық Рамкумар Раманатанмен күш сынасып, қарсыласын 6:2, 7:5 есебімен қапы қалдырды. Енді ол жартылай финалда франциялық Кальвин Эмеримен (130) кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, жарыстың екінші айналымында Недовесов кореялық Юн Сон Чаннан- 6:4, 6:2 есебімен басым түскен болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.