Қазақстан Теннис федерациясының хабарлауынша, қазақстандық жас теннисшілер - Адель Малғонысова мен София Баранова Ыстанбұлда өткен Tennis Europe Koza WOS Cup турнирінің жұптық кездесулерінде жеңіске жетті. Ал 10 жасар Іңкәр Дүйсебай Францияда 57 елден жиналған 400 бала қатысқан Mouratoglou by TEN-Pro Global Junior Tour халықаралық турнирінде үшінші орын алды.
Жүлдегер қыздардың барлығы Алматы қаласындағы «Қазақмыс» теннис клубының тәрбиеленушілері екенін айта кеткен жөн.