Қазақстандық теннисші М.Кукушкин Бангкок АТР турнирінің екінші айналымына шықты

None
АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Бангкок АТР турнирінің екінші айналымына шықты.

Бұл ақпаратты еліміздің Теннис федерациясы таратып отыр.

Алғашқы айналымда американдық Райлер Де Хертамен жолы түйіскен қазақстандық спортшы 6:3,6:7,6:4 есебімен жеңіске жетті. Келесі айналымда ол бельгиялық Оливер Рохуспен немесе аргентиналық Хуан Мартин Дель Потромен ойнайды.