Қазақстандық теннисші М.Кукушкин Бангкок турнирінде бірінші кездесуін жеңіспен аяқтады

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде -83-ші орында) Бангкок турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлады Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Бірінші кездесуде Михаил Кукушкин кортқа американдық Райлер Де Хертқа қарсы шықты. Матч 6:3, 6:7, 6:4 есебімен, М.Кукушкиннің жеңісімен аяқталды.

Келесі ойында қазақстандық спортшы не бельгиялық Оливер Рохуспен (АТР рейтингінде 78-ші орында), не аргентиналық Хуан Мартин Дель Потромен (АТР рейтингінде 36-шы орында) кездеседі.