АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші М.Кукушкин мен итальяндық Ф.Воландри жұбы Мароккода өтіп жатқан жүлде қоры 450 мың еуроны құрайтын Grand Prix Hassan II халықаралық турнирдің ширек финалына шықты.
Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.
Жарыстың алғашқы айналымында Кукушкин мен Воландри жұбы Даниэл Браккали мен Потито Старачені ұтқан болатын.
«Кукушкин мен Воландридің жартылай финалдағы қарсыласы бүгін маррокалық жұп Реда Амрани мен Анаса Фаттара және испандық-итальялық жұп Пере Риба мен Фабио Фогнини арасындағы ойыннан кейін белгілі болады», - делінген федерация ақпаратында.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.