Енді жартылай финалда ойнау құқығы үшін Михаил Кукушкин сербиялық Янко Типсаревичпен (АТР дәрежесі 46) бәсекеге түспек.
15:07, 28 Қазан 2010
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Санкт-Петерборда ширек финалға шықты
АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Санкт-Петерборда өтіп жатқан турнирде қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (АТР дәрежесі 88) 6:4,6:3 есебімен ресейлік Теймураз Габашвилиді (АТР дәрежесі 105) жеңді, деп хабарлайды ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі.