НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик Монтеррей челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 120-орында тұрған А.Бублик екінші кездесуінде әлемнің 171-ракеткасы, америкалық Митчелл Крюгермен кортқа шықты.
Бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда қазақстандық теннисші 7:2 есебімен басымдылық танытты.
Екінші сетті А.Бублик 6:3 есебімен аяқтады.
Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.
А.Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 91-ракеткасы, испаниялық Фелисиано Лопес немесе рейтингте 184-сатыдағы германиялық Доминик Кёпфердің біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Монтеррей челленджер турнирін сәтті бастағанын жазған болатынбыз.
Тағы бір қазақстандық теннисші Зарина Дияс Монтеррей турнирінің екінші айналымына шыққанымен, Беларусь елінің өкілі Виктория Азаренкодан жеңіліп қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).