НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Мысыр астанасы Каирда өткен ITF Men M15 Cairo турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, 23 жастағы теміртаулық спортшы жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған додаға Қазақстаннан жалғыз қатысты.
Ол 25 жастағы германиялық Кай Вехнельтпен бірге кездесулерінің бәрін жеңіспен аяқтады.
Финалда қазақстандық-германиялық жұп аргентиналық Хуан Игнасио Гапарсу – Хуан Пабло Пасты 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Оның алдында Г.Ломакин мен К.Вехнельт америкалық Оливер Кроуфорд – германиялық Бенедиктіні 3:6, 6:3, 10:8, жапониялықтар Шохей Чиками – Римпей Кавакамиді 6:2, 7:6 және италиялық Даниэли Капеччи – Франческо Пассароны 3:6, 6:3, 10:5 есебімен жеңді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зара Дәркеннің Сербиядағы турнирде чемпион атанғанын, А.Бубликтің Эшторил жарысындағы қарсыласы анықталғанын, Е.Рыбакина мен З.Диястың рейтингіде жоғары көтерілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).