НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Попко Прагадағы челленджер турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 181-інші, осы жарыстың 2-ракеткасы Д.Попко финалда дүниежүзілік рейтингте 424-орында тұрған чехиялық Далибор Сврчинамен ойнады.
Бірінші партияда корт иесі бет қаратпады – 6:0.
Д.Сврчина екінші сетте де басымдылық көрсете білді – 7:5.
Бәсеке 1 сағат 39 минутқа созылды.
Матч барысында чехиялық спортшы эйс жасамаса да, 11 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. Д.Попко 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін ғана өз есебіне жазды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Прагадағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).