Жартылай финалда ол кортта жергілікті теннисші Ирина Фальконимен бақ таластырды. Жарыс қожайыны қарсыласынан екі сетте тек бес гейм ғана ала алды. Қазақстандық спортшы 6:3, 6:2 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Еске сала кетсек, осы уақытта Путинцева Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде 157-орында, деп хабарлайды Vesti.kz.