Әлемнің бірінші ракеткасы атағын аустралиялық Эшли Барти сақтап қалды, екінші орынға чех спортшысы Барбора Крейчикова шықты. Ол беларусь Арина Соболенконы үшінші орынға ығыстырды.
Қазақстанның мықты өкілі Елена Рыбакина 20-орында қалды, Юлия Путинцева алты орын жоғалтып, 45-ші орынға түсті. Зарина Дияс алғашқы жүздікке жақындады – 109 орында.
Жұптық разрядта алғашқы үштікте Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова (екеуі де – Чехия), сондай-ақ бельгиялық Элизе Мертенс тұр.
Қазақстандық Анна Данилина жеке рекордын тағы жаңартып, 20-орынға шықты. Рыбакина бір орын жоғалтып, 49-шы орынға жайғасты.