Зарина аталмыш кездесудің бірінші партиясында қарсыласын 6:0 есебімен бет қаратпай ұтты. Есесіне екінші партияда 1:6 есебімен есе жіберді. Дегенмен шешуші партияда шеберлігін таныта білген З. Дияс 6:2 есебімен әлемдік рейтингте өзінен жоғары, 134-інші орында тұрған Сачияның сағын сындырды.
www.myscore.ru сайтынан алынған мәліметке қарағанда, З.Дияс іріктеу сайысының жартылай финалында словениялық П.Херцог немесе франциялық Т.Ханның қай жеңгенімен кездеседі.
Айта кетейік, кезінде шебер өнер көрсетіп, үздік отыздыққа жақындаған Зарина жарақатына байланысты емделіп, қатарға қайта қосылған болатын. Қазір ол 182-інші сатыда тұр. Егер қазақстандық теннисші Ролан Гаррос сынды «Үлкен дулыға» турнирінде неғұрлым сәтті өнер көрсетсе, соғұрлым молырақ ұпай жинап, рейтингте жоғарылары анық.
Франция ашық чемпионатының негізгі турнирі 28 мамырда басталып, екі аптаға созылады. Оған Қазақстанның маңдайалды теннисшілері Юлия Путинцева, Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарына қатыспастан, бірден қосылады.