АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева АҚШ-та өтіп жатқан жүлде қоры 50 мың долларды құрайтын ITF Troy халықаралық турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
Екінші айналымда С.Каратанчева турнир қожайыны Алексу Кингті екі сетте 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Ал ширек финалда ол тағы бір американдық спортшы Грэйс Минмен күш сынасады.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші айналымда қазақстандық теннисші американдық Мелани Оудинді 6:1, 6:3 есебімен ұтқан болатын.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.