Қазақстандық теннисші С.Каратанчева АҚШ-та өтіп жатқан ITF Troy халықаралық турнирінің жартылай финалында сүрінді

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева АҚШ-та өтіп жатқан жүлде қоры 50 мың долларды құрайтын ITF Troy халықаралық турнирінің жартылай финалында сүрінді,

деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Жартылай финалды қазақстандық спортшы американдық теннисші Варвара Лепченкоға екі сетте 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші айналымда С.Каратанчева американдық Мелани Оудинді 6:1, 6:3 есебімен, екінші айналымда турнир қожайыны Алексу Кингті 6:1, 6:3 есебімен, ал ширек финалда Грэйс Минді 6:1, 6:2 есебімен ұтқан болатын.