Қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева АҚШ-та өтіп жатқан біліктілік турнирінің ақтық сайысына шықты

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева АҚШ-тың Карлсбад қаласында өтіп жатқан WTA Mercury Insurance Open 2012 біліктілік турнирінің ақтық сайысына шықты,

 деп хабарлайды Vesti.kz.

Біліктіліктің алғашқы айналымында 22 жастағы қазақстандық спортшы американдық Грэйс Минді 6:0, 0:6, 6:2 есебімен тізе бүктірген болатын. Айта кетерлігі, С.Каратанчева WTA рейтингінде 103, ал қарсыласын 170-ші орында тұр. Бұл матчқа дейін олар екі рет кездесіп, екеуінде де қазақстандық теннисші басым түскен болатын.

С.Каратанчева турнирдің негізгі сетіне шығу үшін тағы бір американдық теннисші  Мэдисон Бренглмен кездеседі.