Қазақстандық теннисші Шведова Miami Open жарысының екінші айналымынан өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Miami Open жарысының екінші айналымынан өтті, деп жазды бүгін gazeta.ru.

Қазақстандық спортшы Майами турнирінің бірінші айналымында Сербия өкілі Елена Янковичті 4:6, 6:4, 7:6 (7:3) есебімен ұтты.

Шведова үшін бұл соңғы 8 жыл көлемінде болған сәтсіздіктерден кейінгі алғашқы жеңіс болып отыр.

Келесі раундта Ярослава ресейлік Анастасия Павлюченковаға қарсы шығады. Янкович (Сербия) - Шведова (Қазақстан) - 6:4, 4:6, 6:7.

«Бүгінгі жеңіске қол жеткізу оңай болған жоқ. Барлық қазақстандықтарды Наурыз мерекесіме құттықтаймын!!!»,-деп жазды спортшы өзінің Инстграмдағы аккаунтына. 

Сегодня была очень не простая и волевая победа, и поздравляю всех Казахстанцев с замечательным празником Наурыз!!!🌷#наурыз #казахстан #алга After giving it your all out on the court 🎾#teamFila #filatennis #miamiopen @jjelicious @slavasays #

Публикация от Shvedova Slava Шведова (@slavasays) Мар 22 2017 в 6:30 PDT