НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Григорий Ломакин Тунисте өткен ITF World Tennis Tour M15 турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Теміртау түлегі Г.Ломакин үндістандық Ники Калиандамен бірге шешуші сында тунистік Анис Горбель - Марко Мартинесті 6:1, 7:5 есебімен ұтты.
Осылайша Г.Ломакин жұптық сында ITF турнирлеріндегі 13-інші титулына қол жеткізді. Соның ішінде 6 чемпиондық атақты биыл жеңіп алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Индиан-Уэллсте әлемнің бесінші ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).