НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Үндістанның Нави-Мумбаи қаласында өтіп жатқан W25 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі.
Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина украиналық Валерия Страховамен бірге жартылай финалда ресейлік Екатерина Яшина мен үндістандық Пратана Томбаремен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-украиналық жұп қарсыластарын 6:3, 6:3 есебімен ұтты.
Аталмыш додада тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева да финалға шығуы мүмкін. Ол латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге жартылай финалда жапониялықтар Нахо Сато – Моюка Учижимамен ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанғанын, Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде жылды ТОП-15-те аяқтағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).