НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанда өтіп жатқан ITF W25 жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Гөзал үндістандық Зил Десаимен бірге ширек финалда таиландтықтар Луксика Кумхум - Пеангтарн Плипуекпен ойнауы керек еді.
Әйтсе де олар кортқа шықпай қалды.
Алғашқы айналымда қазақстандық-үндістандық жұп жергілікті теннисшілерді тізе бүктірді - 6:1, 6:0.
Г.Айнитдинова мен З.Десайдың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде 434-орында келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Истборн турнирінің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші Сербиядағы ширек финалға шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).