Қазақстандық теннисші Я.Шведова теннистен Tashkent Open ашық чемпионатының ақтық кезеңіне өте алмады

ТАШКЕНТ.  Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Құрмат  Самархан/ -   Қазақстандық  теннисші  Ярослава Шведова    теннистен Tashkent Open   ашық  чемпионатының   финалына   өте алмады.

Сенбі күні    жартылай  финалда Ярослава    өзбек  теннисшісі Ақгүл  Аманмұрадовамен   кездесіп,  жеңіліп қалды.

Турнирдің   ақтық кезеңіне    шыға алған   өзбекстандық    спортшы  А.Аманмұрадова  өз  кезегінде  сенбі күні израильдік  теннисші  Шахар  Пеермен кездесіп, одан жеңіліп  қалды.     Шахар  ойынды  6:3,  6:4 есебімен  аяқтады.