Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова - Бразилия турнирінің екінші ракеткасы

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Бразилиялық Флорианополисте өтетін WTA Brasil Tennis Cup турнирінің екінші ракеткасы болды.

Vesti.kz хабарлағандай, жарыстардың бірінші ракеткасы WTA рейтингінде 21-інші орында тұрған америкалық теннисші Винус Уильямс болды.

WTA рейтингінде 32-інші орынды иеленіп тұрған Я.Шведова жарыстардың алғашқы айналымында 105-інші ракетка, венгрлік теннисші Мелинда Цинкге қарсы ойнайды.

Сондай-ақ 25 жастағы қазақстандық турнирдің жұптық кездесуінде де өнер көрсетеді. Я.Шведованың серігі испандық спортшы Анабель Медина Гарригес болады.