АСТАНА. Маусымның 21-і ҚазАқпарат - Голландияда өтіп жатқан WTA Хертогенбош турнирінде американдық Ванией Кингпен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Ярослава Шведова ресейлік-австриялық жұп Алла Кудрявцева мен Анастасия Родионовадан 6:3,3:6,6:10 есебімен ұтылып қалды.
Бұл ақпаратты Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.
Сонымен қатар қазақстандық тағы бір спортшы Михаил Кукушкин Италияда өтіп жатқан Milan Челленджер сериясы турнирінің ақтық бәсекесіне өте алмады. Жартылай финалда ресейлік Дмитрий Ситакпен жұптасып өнер көрсеткен ол американдық Джеймс Керретани мен оңтүстікафрикалық Джефф Коэтзи жұбынан ұтылып қалды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.