Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Колумбиядағы турнирде финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан теннисшісі Ярослава Шведова Боготадағы (Колумбия) турнирдің финалына шықты, деп хабарлады Sports.kz.

Жарыстың жартылай финалында ол колумбиялық Мариана Дуке-Мариноны 6:4, 3:6, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Жарыс 2 сағат 13 минутқа жалғасты. 27 жастағы, әлемнің 75-ші ракеткасы Ярославаның активінде үш брейк-пойнт бар. WTA рейтингінде 134-орында тұрған 25 жастағы Дуке-Марино алты эйс жасап, бес рет қос қате жіберіп алды.