Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова WTA Хертогенбош турнирінде финалға шықты

None
АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Голландияда өтіп жатқан WTA Хертогенбош турнирінде американдық Ванией Кингпен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Ярослава Шведова итальяндық жұп Сарра Эррани мен Роберто Винчиді жартылай финалда 6:3, 6:3 есебімен ұтып, ақтық бәсекеге жолдама алды.

Бұл ақпаратты Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.

Федерацияның ақпараты бойынша Шведова мен Кинг жұбы бүгін, ресейлік-австриялық жұп Алла Кудрявцева мен Анастасия Родионовамен кездеседі.

Айта кетейік, кеше осы турнир аясында жеке өнер көрсеткен Ярослава Шведова румындық Александре Дулгерден 6:3, 3:6, 4:6 есебімен ширек финалда ұтылып қалған болатын.