АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юрий Щукин «Челленджер» сериясындағы халықаралық турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
«Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Марокконың Рабат қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 35 мың АҚШ долларын құрайтын «Челленджер» сериясындағы халықаралық турнирдің екінші айналымына шықты. Ол марокколық Ирнес Рашидиді 6:1, 6:1 есебімен ұтты», - делінген баспасөз хабарламасында.
Екінші айналымда қазақстандық теннисші испандық Гильерме Алкаидпен ойнайды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.