АСТАНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат - Швейцарияда өтіп жатқан Гштаад АТР сериясы турнирінің екінші айналымында португалдық Фредерико Жилді 6:3, 6:3 есебімен ұтқан қазақстандық теннисші Юрий Щукин ширек финалға жолдама алды.
Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.
Қазақстандық спортшы ширек финалда АТР рейтингісінде 14-ші орында тұрған ресейлік Михаил Южныймен бақ сынасады.
Сонымен қатар қазақстандық тағы бір теннисші Михаил Кукушкин де екінші айналымда румыниялық Петру-Алехандру Лунчаноны ұтып, ширек финалда словакиялық Марек Семжамен ойнайтын болды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.