Қазақстандық теннисші Зарина Диас ITF Wenshan турнирінің ширек финалға өтті

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Диас Қытайдағы жүлде қоры 50 мың долларлық ITF Wenshan әйелдер турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Екінші айналым матчында қазақстандық қыз 6:4, 6:2 есебімен корейлік спортшы Со-Юнг Кимді (WTA рейтингі 237) жеңді.

Ширек финалда Зарина Диас жапондық Кумико Ильзимамен (WTA рейтингі 209 орында) кездеседі.