деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші айналымда З.Дияс Сербия спортшысы Александра Круничпен кездесті. Екі сағатқа созылған матч қазақстандықтың жеңісімен - 6:3, 2:6, 6:4 есебімен аяқталды
Келесі айналымда жерлесіміз Андреа Миту (Румыния) - Анна-Лена Фридсам (Германия) кездесуінің жеңімпазымен ракетка түйістіреді.
Қазақстанның тағы бір теннисші қызы Сесиль Каратанчева болса, Australian Open турнирінің алғашқы айналымында сүрінді. Ол Қытай өкілі Йин-Йин Дуаньннан 1:6, 5:7 есебімен жеңіліс тапты.