Қазақстандық теннисші жұптасып өнер көрсетуде Жапониядағы "Dunlop World Challenge" турнирінің ақтық сайысына жолдама алды

None
АЛМАТЫ. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық  Алексей Кедрюк  Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (АТР)  Жапонияда өтіп жатқан  "Dunlop World Challenge"   турнирі сериясында жұптасып өнер көрсетуде жапондық   Жан Митсухошимен бірге ақтық сынға жолдама алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олар алғашқы айналымда жарыс қожайындары  Татсумо Ито мен  Тасуко Иуами  жұбын   6:4, 6:3 есебімен жеңді. Ширек финалда голландиялық қарсыластары Джессе Хуто Галунг пен Милиан Ниестен сырқаттарына байланысты жарысты орта жолда аяқтауына байланысты, бірден жартылай сынға жолдама алған болатын.  Бұл сайыста  оларды белорустық Владимир Игнатик пен австриялық Грег Джонестің жұбы күтіп тұрған. Ойын  7:5, 2:6, 10:6 есебімен аяқталды. Енді олар   ақтық сында  Хироки Хонда мен Такао Сузуки (Жапония) және   Андрес Жаско мен  Александр  Кудрявцев (Ресей-Латвия) жұптарының жеңімпазымен кездесетін болады. Алексей Кедрюк жалпы аталмыш турнирден бұған дейін жекелей өнер көрсету кезінде өз серіктесінен (Жан Митсухоши) алғашқы айналымда  6:0,6:0 есебімен ойсырай ұтылған еді.