НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сында Лион ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, А.Недовесов италиялық Андреа Вавассоримен бірге ұлыбританиялықтар Нил мен Кен Скупскимен кездесті.
Қазақстандық-италиялық жұп 1 сағат 23 минутқа созылған матчта 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Олар бір эйс жасап, 10 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.
Александр мен Андреа жартылай финалға шығу үшін осы доданың 1-ракеткалары, франциялықтар Пьер-Юг Эрбер - Николя Маюмен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Сербия ашық чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).