Оның жартылай финалдағы қарсыласы ресейлік Ксения Первак пен франциялық Араван Резаи арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.
Г. Воскобоева бұған дейін негізгі кестеде екінші айналымда румниялық Моника Никулескуды (7:6, 6:2), ал бірінші айналымда грузиялық София Шапатаваны (6:0, 6:0) жарыс жолынан шығарып тастаған болатын. Жалпы, бұл дүбірлі доданың жүлде қоры 220 мың АҚШ долларын құрайды. Оны жарыстың негізгі кестесінде бақ сынаған жекелей сындағы - 32 және жұптық сындағы 16 жұп өз нәтижелеріне қарай өзара бөліседі.