Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы «Cary Challenger» турниріне қатысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Кэри аймағында теннистен ATP Challenger санатына енетін «Cary Challenger» турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысуда деп жазады. Александр Недовесов алғашқы айналымда АҚШ өкілі Дэннис Новиковпен ойнап, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші кезеңде ол тағы бір американдық спортшы Патрик Кипсонға қарсы шығады. Қазақстандық Дмитрий Попко 9 қараша күні американдық Улисс Бланшпен кездеседі. Ал 10 қарашада Голубев / Недовесов жұбы америкалық Роберт Галлоуэй мен филиппиндік Трит Хуэйге қарсы ойнайды. Дмитрий Попко канадалық Питер Поланскимен жұптасып сынға түседі.