Olympic.kz ақпаратына сәйкес, қазақстандық теннисшілер бұған дейінгі орнын сақтап қалды.
Әйелдер арасында Елена Рыбакинаның нәтижесі жоғары. Ол ТОП-20-ға еніп, 19-шы орында тұр.
Юлия Путинцева 28, Зарина Дияс 79-шы сатыда.
Рейтинг көшін австралиялық Эшли Барти бастап тұр. Екінші орында – румыниялық Симона Халеп, үшінші позицияда – жапониялық Наоми Осака.
Ерлер арасында Александр Бублик 50-ші, Михаил Кукушкин 89-шы, Дмитрий Попко 172-ші орында. Үздік үштікті Новак Джокович (Сербия), Рафаэль Надаль (Испания), Доминик Тим (Австрия) түйіндеген.